Түркі әлемі үшін өзекті мәселелер талқыланды

23 Қараша 2020, 22:45
1910
Бөлісу:
Түркі әлемі үшін өзекті мәселелер талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ7 Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен келіссөздер өткізді.

Кездесу барысында түркі әлемі үшін өзекті мәселелер талқыланды. Министр Түркі академиясының және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының бюджеттеріне міндетті жарналарының көрсеткіші туралы хаттамаларға қол қойды.

Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды. 2019 жылы Елбасы аталған құрылымның Құрметті төрағасы  болып сайланды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымға Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мүше, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

Түркі академиясы да Елбасының бастамасымен 2010 жылы 25 мамырда құрылды. Ұйымның штаб-пәтері Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан.

Түркі мәдениеті мен мұрасының қоры Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің бастамасымен 2012 жылы 23 тамызда құрылды. Штаб-пәтері Баку қаласында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы