Туризм және спорт министрі Ермек Мыржықпаев аралас жекпе-жек әлеміндегі ең белді ұйым – UFC-де өнер көрсететін қазақстандық Шавкат Рахмоновтың кезекті жеңісіне құтты болсын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Еліміздің тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавкат Рахмонов бүгін UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты. Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, 40 жастағы америкалық спортшы Стивен Томпсон бүгінге дейін өзінің спорттық карьерасында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Ал Шавкат Рахмонов 2014 жылдан бері аралас жекпе-жекпен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында 17 рет айқас алаңына шығып, барлық бәсекені айқын басымдықпен аяқтады. 8 қарсыласын мерзімінен бұрын тізе бүктірген. Бұл – жерлесіміздің 18-жеңісі.