Туризм және спорт министрі де өз орнында қалды

6 Ақпан 2024, 19:57
507
Бөлісу:
Туризм және спорт министрі де өз орнында қалды
Фото: Үкімет

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды,- делінген хабарламада.

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев

Ермек Маржықпаев 1969 жылы 29 тамызда дүниеге келген.

Білімі:

1994 ж. – С. Сейфуллин атындағы Целиноград педагогикалық институтын бітірген. 2001 жылы, 2009 жылы Көкшетау университетін тәмәмдаған.
Еңбек жолын орта мектепте ұстаздықтан бастаған. 1992-1994 жылдар аралығында, кейін қызметін атқарған. 2008-2013 жылдар аралығында лауазымын атқарды. 2013 жылдың қыркүйек айында болып тағайындалды. 2014 жылдың маусым айынан бастап ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

2001 ж. – «Тұран» университетін тәмамдаған.

2009 ж. – Көкшетау университетін тәмамдаған.
 Еңбек жолы:
1991-1992 жж. – орта мектепте ұстаздықтан бастаған.

1992-1995 жж. – «Шонай» шағын кәсіпорнының директоры.

1995-2008 жж. – «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры

2008 жылдың сәуірі– 2012 жылдың сәуірі – Аршалы ауданының әкімі.

2012 жылдың сәуірі – 2013 жылдың қыркүйегі – Зеренді ауданының әкімі.

2013 жылдың кыркүйегі – 2019 жылдың наурызы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары

2019 жылдың 19 наурызынан – Ақмола облысының әкімі, 2019 жылғы 17 маусымда осы лауазымға қайта тағайындалды.

2023 жылғы 2 қыркүйекте Туризм және спорт министрі болып тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы