Туризм саласының үздіктері анықталады

2 Желтоқсан 2019, 12:28
14391
Бөлісу:
Туризм саласының үздіктері анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 желтоқсанында  "National National Awards 2019"  екінші Ұлттық жүлдесінің  жеімпаздарын марапаттау рәсімі  өтеді. 

Жүлде  2018 жылдан бастап жыл сайын бірнеше маңызды аталым бойынша ұйымдастырылуда. Қонақ үйлер мен  шипажайлар, туроператорлар, бір сөзбен айтқанда туристік сала үздіктерінің есімдері анықталады. 

Биыл Ұлттық жүлденің  www.tourismawards.kz ресми сайтына қазақстандық туристік индустрия өкілдерінен  байқауға қатысуға 114 өтінім келіп түскен.

Іріктеу екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  әр аталым бойынша Сараптамалық кеңес туристік бірлестіктердің ішінен көшбасшыларды  таңдап алды.

Ал,  екінші кезеңде  үздіктерді анықтауға  барлық  қазақстандықтар онлайн-дауыс беру арқылы қатысуға мүмкіндік алды. Осылайша, екі  кезең қорытындысы бойынша финалға әр аталым бойынша 3 үміткер шықты. Бұлардың арасынан үздіктердің үздігі анықталмақ. 

"National Tourism Awards 2019" туризм саласындағы Ұлттық жүлде  екі жыл ішінде саланың кәсіби қоғамдастығы, атқарушы билік пен ҮЕҰ және мүдделі азаматтар арасындағы белсенді диалогтың тиімді алаңына айналды. 

Жүлденің  міндеті  —  туризмді  дамыту, отандық нарықта көрсетілетін туристік қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Ұлттық  жүлденің салтанатты  марапаттау рәсіміне туризм саласының көшбасшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері  мен блогерлер шақырылған. 

Жүлдені Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен "Kazakh Tourism" ҰК АҚ ұйымдастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы