Туризм. Орталық Азияның ортақ бренді қалыптасуы мүмкін

13 Ақпан 2021, 22:22
2052
Бөлісу:
Туризм. Орталық Азияның ортақ бренді қалыптасуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орталық Азиядағы туристік қауымдастықтардың жетекшілері қазіргі дағдарыстық жағдайларды талқылады. 

Онлайн режимде өткен дөңгелек үстел барысында жиынды ұйымдастырушылардың бірі Сергей Макаровтың айтуына қарағанда, коронавирус пандемиясының салдарынан туризм нарығында орын алған жағдай жаңа экономиканың бұл саласын барынша тезірек қалпына келтіру үшін Орталық Азия аймағының бірлесіп әрекет етуі сөз болған.

Жиын барысында 2020 жыл туризм саласы үшін үлкен шығын әкелгені айтылып, бұлжағдайдан шығу үшін өзара интеграция керектігі, аймақтағы барлық өлкелерлді қамтыған туристік бағдарларды жасау, Орталық Азия аймағының жалпы брендін қалыптастыру қажеттігі белгіленді.

Коронавирус індетіне байланысты шектеулер Орталық Азия аймақтарында 2020 жылдың жазынан бастап енгізіле бастады.

Туризм бойынша дүниежүзілік ұйымның (UNWTO) мәлметіне қарағанда әлем бойынша 2020 жылдың он айында бұл сала 935 миллиард доллар шығынға ұшыраған.

Әзірге бұл сала бойынша еліміз қанша шығынға батқаны жайлы нақты мәлімет жоқ.

Өзгелердің жаңалығы