Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады

17 Ақпан 2020, 10:19
1865
Бөлісу:
Францияда туристік ұшақ апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 16 ақпанда Францияның оңтүстігінде Piper PA-28 маркалы туристік ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан 4 адам қаза болды. 

Бұл туралы France 3 телеарнасы хабарлады.

Ұшақ Ангулем қаласынан ұшып шыққан. Алайда, 13.00 шамасында Мийо-Ларзак аэродромының ұшу жолағына бірнеше шақырым қалған кезде Крессель қаласының маңында құлаған. 

Ұшақ апатының не себепті болғаны және жерге қонар кезде не себепті тұтанып кеткені анықталуда.
 
Оқыс оқиға салдарынан әуе кемесінің бортында болғандардың бәрі − ұшқыш пен 3 жолаушы қайтыс болды.

Ұшақ апатына қатысты тергеу амалдары басталды. Әуе апаттарын тергейтін француз бюросы оқиға орнына өз сарапшыларын жіберді.
 

Өзгелердің жаңалығы