Турист Асы үстіртіне саяхаттап, көңілі қалды

15 Тамыз 2023, 16:24
1395
Бөлісу:
Турист Асы үстіртіне саяхаттап, көңілі қалды
VIDEO
Фото: www.wikipedia.org

Якутиядан келген қонақ Асы үстіртіндегі шашылған қоқысқа шағымданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматының табиғатын тамашалауға келген мейманның айтуынша, 100 адамға бір ғана гид жұмыс істейді. Сонымен қатар, күніне 1,5 мыңға жуық турист келетін үстіртте бір дәретхана бар.

Мен бұл жердің табиғатына тәнті болдым. Аспан астында жұлдыздарды тамашалап қайтамын деген үміт болды. Дегенмен адамдардың немқұрайлығы маған мүлдем ұнамады. Айналада шашылған қоқыс көп. Шошқаның қорасы ма дерсің. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Бізді әкелген туристік фирмада бір ғана гид қызмет атқарды. Ең қызығы, бұл жерде барлығына бір ғана дәретхана қарастырылған. Бұл жерге қаншама адам келеді, олардың барлығына бір дәретхана жетпейді. Бәріміз осы жерде кезекте тұруға мәжбүрміз, – дейді турист.

Аталған жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында Алматы облысының туризм басқармасына хабарластық. Басқарма алдағы уақытта дәретхана санын көбейту жоспарда бар екенін айтты.

Асы үстірті біздің қарауымызға кірмейді. Бұл аймақ Асы обсерваториясына қарайды. Дегенмен аталған аймақты абаттандыру мақсатындағы жұмыстарды қолға алмақпыз. Үстіртте судың болмауы себепті, ол жерге дәретхана салу қиын болып тұр. Алдағы уақытта бұл мәселе шешімін табады. Ал шашылып жатқан қоқыстарға келер болсақ, ол сол кезде демалған адамдардың жауапсыз іс-әрекетінің нәтижесі. Дегенмен Еңбекшіқазақ ауданының еріктілерінен құралған топ 15 тамыз күні қоқыс жинауға аттанды. Бүгінде сол 40 адам үстіртті қоқыстан тазартуда, – деді Алматы облысының туризм басқармасында.

Сондай-ақ, сапар күні қатты жел соғып, жаңбыр жауып, қолайсыздыққа тап болған турист ауа райына байланысты ақпаратты бір апта бұрын хабарламаған ТЖД қызметіне де наразылығын білдірді.

Біз келген сәтте ауа райы қолайсыз болды. Барлығымыз желмен бірге ұшып кетеміз бе деген қорқыныш болды. Далаға көп шыға қоймадық, күні бойы шатырдың ішінде өткізуге тура келді. Менің ойымша, ТЖД алдын ала хабар беруі қажет. Сондай-ақ, турфирма өкілдері ауа райының қолайсыздығын ескеруі керек еді. Тауға баратын күнді жауын-шашынды күнге ұйымдастыруға бола ма екен? – деді якутиялық мейман.

@mokkuoshka Это относится не только к @k.k.tour , это относится ко всем гигантам турфирм Казахстана. Плато Ассы - жемчужина вашей страны, но какой толк в ваших турах, если вы держите эти места как свинарник? Хоть бы ездили убираться в будни, общими усилиями поставили несколько туалетов??! Вы возите огромное количество людей, в выходные там по 1000-1500 человек собираются, неужеои нельзя собраться и решить эти вопросы? И как можно так относиться к своим работникам, одного гида поставить на 75-100 человек? В погоду, которую за неделю предсказали как опасную для нахлждения в горах. При ЧС эти студенты спрятались по норкам, не желая решать вопрос, и я их отлично понимаю. #платоассызвездопад #туристическийказахстан #казахстан ♬ original sound - Lauren McKay

Туристердің наразылығын басқа саяхатшылар да қолдады. Журналист Аида Сайжанова Instagram-да туристік топтың қатты жел мен жаңбырға ұшырап, түнделетіп қайтқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы