Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

16 Ақпан 2024, 17:45
391
Бөлісу:
Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Батыр Реджеппен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі жақ маусым айында Қазақстанда өтетін Түрікменстанның мәдени күндері мен осы жылы қазан айында жоспарланған Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндеріне дайындық барысын талқылады.

Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді

Ашхабадта өнер көрмесі және қазақ киносының күндері өткізіліп, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.

Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
Өзгелердің жаңалығы