Түрікменстанда бірнеше рет сөгіс алған шенеуніктер мемлекеттік марапат алды

<h4>Астана, BAQ.KZ.&nbsp;Түрікменстанда 27 қаңтар күні тойланатын Отан қорғаушылар күні қарсаңында президент Гурбангулы Бердымухамедов бірқатар шенеунікті марапаттады.</h4>

 28 Қаңтар 2019 2019, 10:14
28 Қаңтар 2019 2019, 10:14
2210

Астана, BAQ.KZ. Түрікменстанда 27 қаңтар күні тойланатын Отан қорғаушылар күні қарсаңында президент Гурбангулы Бердымухамедов бірқатар шенеунікті марапаттады.

Мемлекеттік шекара қызметінің бастығы, полковник Шадурды Дурдыев генерал-майор әскери атағын алды.

Осындай атақ Мемлекеттік кеден қызметінің бастығы, полковник Атадурды Османовқа да бұйырды. Оған 2018 жылы екі рет ауыр сөгіс жарияланған.

Гурбангулы Бердымухамедов 2-квалификациялық кластың 3-квалификациялық класымен Жоғарғы соттың төрағасы Гылычмырат Халлыевты, әділет саласының аға кеңесшісі Батыр Атдаевты 3-кластағы мемлекеттік әділет кеңесшісі шенін беру туралы жарлыққа қол қойды.

TDH ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жарлықтарға қол қойғаннан кейін мемлекет басшысы әскери және құқыққорғау органдарының басшыларына тиісті төсбелгілерін өзі табыстады.

 

Наверх