Түрік инвесторлары СҚО-да фанер зауытын салды

6 Қаңтар 2021, 20:44
1640
Бөлісу:
Түрік инвесторлары СҚО-да фанер зауытын салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгiн өңiрде СҚО әкiмiнiң қатысуымен жаңа фанера комбинаты бүгiн iске қосылды. Оған Түркияның инвестициясы тартылды. Жобаға 2 млрд теңге бағытталды. 150 адам жұмыспен қамтылады. Бұл туралы СҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жылына кәсiпорын 18 мың текше метр дайын өнiм шығармақ. Кейiн 27 мыңға дейiн өсiредi. Өнiмнiң жартысы Түркия, Европа мен Өзбекстанға жөнелтiледi. Қазiр елiмiзде 90 мың текше метр фанера сырттан әкелiнедi. Бiз бұл көлемнiң 30% жаба аламыз, — дедi Құмар Ақсақалов. 

Аймаққа отандық инвесторлардан басқа шетелдiк капитал да тартылуда. Өңiрге шетелдiк инвесторлардың келуi аймақта бизнес үшiн қолайлы жағдай жасалғанын көрсетедi. Бұған дәлел — сандар. 11 айда сыртқы инвестициялар көлемi 36% өстi. 

Сондай-ақ, пандемия кезiнде Қазақстанның Түркиядағы елшiлiгiнiң қолдауымен фанера фабрикасына жабдықты уақытында жеткiзу және монтаждау үшiн мамандарды тарту мәселелерi шешiлдi. KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы инвесторға инвестициялық келiсiмшарт жасасуға және қымбат жабдықты әкелу кезiнде кедендiк төлемдерден босатуға көмектестi.

Өзгелердің жаңалығы