Тұрғындар ыстық сумен үздіксіз қамтылуы керек – Сапарбаев

1 Ақпан 2022, 18:11
1213
Бөлісу:
Тұрғындар ыстық сумен үздіксіз қамтылуы керек – Сапарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтылуы тиіс.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кезекті аппараттық кеңесте баса айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Басқосуда денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев эпидемиологиялық ахуал, вакцинациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 1 ақпанындағы ақпаратқа сәйкес облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 25 711 жағдайы тіркелді, Пневмонияның – 8448 жағдайы тіркелген.

Өткен тәулікте КВИ мен пневмонияның 59 жағдайы тіркелген.

- Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жағдай бойынша облыстағы ауруханаларда 1 389 инфекциялық, оның ішінде 131 реанимациялық төсек қоры, оған қоса 170 төсек орынға арналған карантиндік стационарлар жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 618,  реанимацияда 37 науқас ем қабылдауда,-деді басқарма басшысы.

Жалпы, облыс бойынша 18 жастан жоғары 631 300 адам коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялауға жатады деп жоспарланған, қазіргі таңда 1 компонентімен 635 018 тұлға екпе алса, 2 компонентімен 597 481 адам вакцинацияланған.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Pfizer»  вакцинасының 1 компонентімен  77 312 адам, 2 компонентімен 21 005 адам қамтылған. Сондай-ақ, 107 906 тұрғын ревакцинациядан өткен.

Облыс әкімі ревакцинация бойынша көрсеткіші төмен қала және аудан әкімдерінен жауап алып, жұмыстарды күшейтуді тапсырды.Оқушылар мен мұғалімдердің індет жұқтыру көрсеткішіне алаңдаушылық білдірді.

Жиынның күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша   энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев ағымдағы жылыту маусымының өту барысы туралы баяндады.

- Жылыту маусымының қалыпты жұмысын үйлестіру мақсатында бүгінгі күнге жоспарлы 4 штаб отырысы өткізілді. Облыста жылыту маусымы 164 тәулікті құраса, бүгінгі күнге 119 тәулігі өтті.  Бұл аралықта жылу энергетика кешендерінде апаттық жағдайлар орын алған жоқ.

Барлық 8 ірі жылу көздері, 83 локалды қазандықтар және 444 автономды қазандықтар штаттық режимде жұмысын жалғастыруда.  Бүгінгі таңда әлеуметтік маңызы бар нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерді қоса алғанда барлығы 3 285 нысан жылумен қамтылған,-деді басқарма басшысы.

Бердібек Сапарбаев жылу көздерінде температуралық кестенің сақталуын тұрақты бақылауға алуды, апаттық-диспетчерлік бөлімшелердің тәулік бойы қызмет көрсетуін қамтамасыз етуді тапсырды.

- Биыл ауа-райы әзірге қатты суыта қоймады. Дегенмен, алда ақпан айы бар, жылыту маусымы аяқталған жоқ. Босаңсуға әлі ерте. Барлық жағдайға дайын болу керек.

Ел Президентінің тапсырмасымен  2022 жылдың 1 шілдесіне дейін коммуналдық қызметтер тарифтерін көтеруге мораторий енгізілгенін ескеріңіздер.
Халықты коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету керек. Тұрғындарға ыстық су жаз айларында да, тоқтаусыз берілуі тиіс. Жөндеу жұмыстары қатар жүргізіле беруі керек. Мекемелердің дебиторлық берешектерін өндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырыңыздар,-деді аймақ басшысы.

 

Өзгелердің жаңалығы