Тұрғындар «Ұмай» ипотекасының жылдам аяқталғанына ашулы

10 Мамыр 2023, 15:14
1769
Бөлісу:
Тұрғындар «Ұмай» ипотекасының жылдам аяқталғанына ашулы
Фото: newsroom.kz

Бүгін «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталды. Дегенмен бағдарламаға өтініш беру түске дейін толып кеткен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Осы орайда, бағдарламаның оң тұстары мен олқылықтарына байналысты сарапшылардың пікірін біліп, өтінім беріп үлгермеген аналардың шағымына құлақ астық.

Мен бүгін Отбасы банкке барған едім. Сағат 12:30 да бағдарлама жабық деп қайтарып жіберді. Бағдарлама таңғы 09.00-де ашылып, үш сағатта қалай толып кетеді? Сонда кімдер алып үлгерді. Осыны түсінбей дал болдым. Банкте кезек күткен азаматтардың қарасы өте көп. Бәріміз құжаттарымызды тапсыра алмай сандалып қалдық, – дейді қала тұрғыны Гаухар Ілясова.

Қаржы сарапшысы Айбар Олжаевтың пікірінше ипотеканың тиімді тұстары жетерлік.

Менің ойымша «Ұмай» ипотекасы тиімді. Себебі оның ставкасы 14% Ал бізде базалық ставка 16,75%. Баніктікі орта есеппен 21-22% болады. Сондықтан базалық ставкадан төменгі кез-келген ипотека тиімді. Одан бөлек ипотеканың сомасы өте жақсы 30 15,6 млрд теңге. Қысқарған, шектелген лимит жоқ. Алғашқы жарнасы да өте қолжетімді. Азаматтарға өте ыңғайлы ипотека. Бұл ипотекаға сұраныс жоғары екенін естіп жатырмын, – дейді Айбар Олажев.

Тұрғындар соңғы уақытта үкіметтік бағдарламаларға тапсыру, жарыс секілді болып кеткенін айтып шағымданды.

Біздің елімізде 19 млн адам емес, 180 млн адам тұратын секілді. Халықтың басым көпшілігінде үй жоқ. Ауылды мекендерде жұмыс жоқ. Бәрі қалаға қарай көшеді. Алматы қаласында тұрып жатқанымызға 20 жылдан астам уақыт өтті. Әлі күнге үй ала-алмай жүрміз. Өзім жалғыз басты анамын. Екі бірдей ұл тәрбиелеп отырымын. Әлі күнге жалдамалы пәтерде тқрып жатырмыз. Соңғы уақытта барлығы жарыс секілді болып кетті. 4%-пен көлік алу 18 секундта жабылған еді. Енді «Ұмай» ипотекасына өтініш беріп үлгермедік. Балаларымызды тегін қосымшаға жазу кезінде де сайттан қателік шығып, келесі күні балалардың толып кетекені жайлы хабар шықты. Тиімді бағдарламаға қатысу үшін бәріміз жанталасуымыз қажет секілді, – дейді Бақыт Тұрғынбай есімді қала тұрғыны.

Аталған жағдайдың мән-жайын сұрап «Отбасы банктің» бөлімшесіне хабарластық.

Өтініштер онлайн және офлайн қабылданды. Азаматтар кезекпен тұрып құжаттарын тапсырды. 15,6 млрд қаржы игерлгендіктен бағдарлама жабылды. Алдағы уақытта қанша адамның құжаты қабылданғаны жайлы ақпарат шығады, – деп хабарлады «Отбасы банкте».

Еске сала кетсек, бүгін «Ұмай» әйелдер ипотекасына өтінім қабылдау басталғанын хабарлаған едік.

 

Өзгелердің жаңалығы