Тұрғындар ауыз суды көшедегі құдықтан ішуге мәжбүр – сенатор

Кеше, 21:12
270
Бөлісу:
Тұрғындар ауыз суды көшедегі құдықтан ішуге мәжбүр – сенатор
Фото: pixabay.com

Президенттің 2025 жылдың соңына дейін Қазақстан халқын 100% таза ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына қарамастан, Қызылорда облысындағы 23 ауылда әлі күнге дейін орталықтандырылған су жүйесі жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Шамамен 6 мың тұрғын тасымалданатын су мен шахта құдықтарын пайдалануға мәжбүр. Бұл олардың өмір сүру сапасы мен денсаулығына кері әсер етуде.

Сенатордың айтуынша, Арал ауданына қарасты Ақбасты, Тоқабай және Абай ауылдарын топтық су құбырына қосу жобаларын іске асыруға қажетті 8,1 млрд теңгенің 2,4 млрд теңгесі ғана бөлінген. Дәл осындай жағдай Ақбасты ауылында да орын алған және су сорғы станциялары мен су қоймаларын аяқтауға қаржы жетіспейді. Сонымен қатар, облыстағы тағы алты ауылды сумен қамтамасыз ету үшін қаржы қажет.

Республикалық бюджетті нақтылау шаралары аясында Арал ауданының Ақбасты, Тоқабай, Абай елді мекендерін ауыз сумен қамту жұмыстарын аяқтау үшін және осы ауданның Ерімбетжаға, Тастүбек, Қазалы ауданының Шәкен, Шилі, Шитүбек, Сарбұлақ елді мекендерін ауыз сумен қамту жобаларына барлығы 8,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлуге ықпал жасауыңызды сұраймыз. Аталған жобаларды жүзеге асыру тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік беріп, халықтың денсаулығына оң әсерін тигізетіні сөзсіз, – деді сенатор Рүстемов.

Өзгелердің жаңалығы