Тұрғын үй төлемдерін қай мақсатқа қолдану әскерилердің өз еркінде

29 Мамыр 2021, 16:50
4504
Бөлісу:
Тұрғын үй төлемдерін қай мақсатқа қолдану әскерилердің өз еркінде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы тұрғын үй басқармасының өкілі әділет подполковнигі Дәуренбек Жұмабек әскерилерді баспанамен қамту бойынша бірнеше сауалға жауап берді.

- 2018 жылғы тұрғын үй заңнамасы өзгергеннен кейін әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету қаншалықты жақсарды?

– 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайлары жақсарды. Оларға қызметтік тұрғын үй берген. Басқаларына тұрғын үй төлемдері төленуде. Сол тұрғын үй төлемдерін олар өз атына пәтер сатып алуға пайдалануына болады. Осы жылға дейін 7 мыңнан астам әскери қызметші өз пәтеріне ие болды.

– Әскери қызметшілердің проблемалық құрылыс салушылардан тұрғын үйді сатып алу фактілері бар ма? Оларға тұрғын үйді жалға алу үшін тұрғын үй төлемдері төлене ме?

– Орынды сұрақ. Ондай фактілері бар. Олар өз тарапынан сотқа беруге немесе басқа да органдарға жүгінуге құқылы. Қорғаныс министрлігінің атынан тұрғын үй төлемдерін әскерилер пәтерді сатып алуға да не жалға алуға да жұмсай алады. Яғни, тұрғын үй төлемдерін қай мақсатқа қолдану әскери қызметшілердің өз қолында .

– Жеке тұрғын үй сатып алу кезінде негізгі мәселе бастапқы жарнаның болуына тірелетінін өзіңізде білесіз. Осы мәселе бойынша қолданыстағы үй заңнамасына өзгерістер енгізу жоспарда бар ма?

– Екінші деңгейдегі банктердің тұрғын үй алу жөніндегі бағдарламалары бар. Кейбір банктердің 20 пайыз кейбір банктер 15 не одан да көп бастапқы жарна қойылады. Бұл мәселе бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер жоспарланбаған.

Өзгелердің жаңалығы