Тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлер көбейді – Мемлекет басшысы

30 Маусым 2023, 12:24
809
Бөлісу:
Тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлер көбейді – Мемлекет басшысы
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Соңғы үш жылдың ішінде нақты шаралар атқарылды. Жалақыны бірнеше рет көтердік. Тұрғын үй төлемдерін алатын қызметкерлер көбейді. Қазір олардың саны 38 мыңнан асты. Ұлттық ұланға қолдау көрсетілуде. Материалдық-техникалық базаны нығайту үшін жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Инновациялық технологиялар енгізілуде, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол ішкі істер органдарына ары қарай да қолдау көрсетілетінін айтты.

Жалпы ішкі істер органдарына қолдау көрсетіле береді. Осының бәрі азаматтарды қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту үшін керек. Темірдей тәртіп – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі. Мен министрлік басшылығы аймақтарға барып, жұртпен кездесіп жүргенін білемін. Тұрғындарды толғандыратын мәселелер аз емес. Соның бәрін көзбен көріп, ақылдасып, бірлесіп шешкен дұрыс. Сондықтан біз бүгін ішкі істер органдарының жұмысына қатысты өзекті мәселелерді талқылаймыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы