Тұрғын үй құрылысы саласында рекорд жаңартқан компаниялар анықталды

15 Наурыз 2021, 21:45
2870
Бөлісу:
Тұрғын үй құрылысы саласында рекорд жаңартқан компаниялар анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның құрылыс саласы коронавирус пандемиясына байланысты тұралап қалмады. Керісінше әлемдік дағдарысқа қарамастан отандық құрылыс компаниялары қарқынын арттырып, ел тарихында алғаш рет бір жылда 15 млн шаршы метр тұрғын үй тұрғызып, рекордтық көрсеткішке жеткізді.

Қазақстандық құрылыс компаниялары 2020 жылы елімізде 15,33 млн шаршы метр тұрғын үйді қолданысқа беріп, рекордтық деңгейге қол жеткізді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 16,7 пайызға көп. 

2021 жылы құрылысшылар тағы бір жақсы жаңалығымен қуантты. Қаңтарда Қазақстанда 800,7 мың шаршы метр тұрғын үй бой көтерді. Былтырғы қаңтар айымен салыстырғанда биыл дәл осы кезеңде тұрғызылған тұрғын үйлер көрсеткіші 9,4 пайызға басым түскені анықталды.

Байқасаңыздар, Қазақстанда басқа елдерден қарағанда құрылыс саласы пандемияға қарамастан жанданып кеткен. Ал әлемнің басқа елдерінде, өкінішке қарай, құрылыс саласы тоқырап тұр. Мәселен салыстырмалы түрде көршілес жатқан елдерді алсақ. 2020 жылы алпауыт Ресейде 2020 жылы 75,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынған. Бұл елдегі 2019 жылғы көрсеткіштен 5,9 пайызға төмен. Бұдан бөлек Қырғызстан туралы айтар болсақ. Бауырлас елде 2020 жылы бар-жоғы 903,3 мың шаршы метр тұрғын үй ғана берілген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 34,5 пайызға аз.

Бұл орайда жер шарының басым бөлігін әуре-сарсаңға салған коронавирустың таралуына қарамастан жұмысын жалғастырып, құрылыс саласының осындай елеулі нәтижеге жетуіне үлес қосқан құрылыс компаниялары туралы айтып өтейік.

Қазақстанда тапсырылған тұрғын үй кешендерін беруде көшбасшы компания атанған ол - BI Group құрылыс компаниясы. Бұл компания тек Қазақстанда ғана емес сонау Орталық Азияда танымал.

Бұдан бөлек көшбасшы компаниялар қатарында BAZIS-А компаниясы да бар. Компания құрылысшылары бір жылда 18 тұрғын үй кешенін салған. Сонымен қатар үздік үштікке 9 тұрғын үй кешенін көтерген K7 Group енді.

Жалпы еліміздегі 850 құрылыс компаниясының ішінен үздіктер рейтингіне сауда-саттыққа 4 тұрғын үй кешенінен көп қойған мердігерлер енді. Қазір мұндай құрылыс компаниялар саны 17-ге жетті.

Аталған компаниялар арасында қолданысқа берілген тұрғын үй кешендері санымен BI Group холдингі басып озып отыр. Компания 97 тұрғын үй кешенін қолданысқа берген. Бұл рейтингте одан кейін орналасқан компаниямен салыстырғанда екі есеге көп. Сондай-ақ компанияның 12 тұрғын үй кешені сатылуға дайын көрінеді.

Бұдан бөлек қолданысқа берілген үй саны бойынша үздік үштікке 52 тұрғын үйді беріп, тағы 10 үйді сатуға дайын отырған BAZIS-А компаниясы мен 20 тұрғын үй кешенін беріп үлгерген «Рамс Казахстан» еніп отыр.

Өзгелердің жаңалығы