Тұрғымбаев: Жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық дайын

18 Қаңтар 2022, 10:05
1648
Бөлісу:
Тұрғымбаев: Жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық дайын

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

Оның айтуынша, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жоспарына сәйкес Ішкі істер министрлігі 3 іс-шара бойынша негізгі орындаушы.

Бірінші – әскери даярлықты және қамтамасыз етуді арттыру, әскери қызметшілердің моральдық рухын көтеру бойынша шаралар қабылдау.  Ең алдымен Арнайы бөліністердің материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарлануда. Жалпы материалдық базаны нығайту үшін Үкімет резервінен қаржы бөлінген, -деді Ерлан Заманбекұлы. 

Сондай-ақ министр жеке құрамның әскери рухын көтеру бойынша қандай іс-шаралар қолға алынғанына тоқталды.

Отанды сүюге, қызметтік міндетке адал болуға тәрбиелеу бойынша іс-шаралар жоспары бар. Қиындыққа шыдау, төзімділік бойынша  арнайы тренигтер ұйымдастырылды.  Сонымен бірге ынталандыру, қызметкерлердің еңбегін бағалау тұрақты жүзеге асырылады. Мысалы, төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен қызметкерлерге 150 мың теңге, курсанттар мен әскерилерге бағалы сыйлықтар берілді. Жалпы, жеке құрам қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық дайын, -деді ол.

Өзгелердің жаңалығы