Тұрғымбаев сотталғандардың құқықтық жағдайы қалай жақсаратынын айтты

8 Шілде 2021, 15:21
2709
Бөлісу:
Тұрғымбаев сотталғандардың құқықтық жағдайы қалай жақсаратынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Жаңа заманға сай пенитенциарлық жүйе» халықаралық форумында айтты.

Министрлік пенитенциарлық жүйені қалыпқа келтіру бойынша халықаралық стандарт аясында кешенді жұмыс жүргізіп жатыр. Еліміздегі 80 түрмеде 33 мың сотталған бар. Көптеген колония талаптарға жауап бермейді. Олар техникалық тұрғыда ескірген. Осы орайда 2019 жылы 4 ескі колония жойылды. Былтыр тағы 2-уі жұмысын тоқтатты. Бюджетті ескере отырып, ұйымдардың камералық қамтамасыз етуге көшіру іске асырылып жатыр. Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру аясында Ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесін дамыту бойынша жол картасы жүзеге асырылып жатыр, - деді Тұрғымбаев.

Министрдің айтуынша, сотталғандардың құқықтық жағдайын жақсарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Былтырғы қаңтарда қылмыстық-процестік заңнамаға өзгертулер енгізілді. Сотталғандарға дәрі-дәрмек беруге шектеу жойылды. Денсаулық жағдайына қатысты босату ұсынымын қарау мерзімі қысқартылды. Электронды форматта өтініш жіберу мүмкіндігі берілді, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Министр атағандай, баласы үш жасқа дейін түрмеде отырған сотталған әйелді 1 жыл ішінде босату бойынша ұсыныс берілген.

Ауыр науқастыққа қатысты жазасын кейінге қалдыру қарастырылған. Сотталғандарды ауыстыру кезінде прокуратураның міндетті хабарландырылуы жүзеге асырылады. Осы заңнамалық бастамалар қаралып жатқан қылмыстық және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру заң жобасы аясында қарастырылған. Тамақтану нормасы 40 пайызға ұлғайтылды. Сотталғандарға әкелетін заттардың салмағы көбейді. Рұқсат етілген заттардың тізімі көбейді, - деді Тұрғымбаев.

Айта кетейік, форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, Адам құқықтары саласындағы ұлттық сарапшылар, сондай-ақ Канада, АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Үндістан, Өзбекстан, Нидерланды және Беларусьтің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық ұйымдарының басшылары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты-адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, бас бостандығынан айыру орындарында ұстау жағдайларын жақсарту, 2019 жылы өткізілген бірінші форумның ұсынымдарын іске асыру мәселелерін талқылау.

Өзгелердің жаңалығы