Тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелмеген азаматтарға айыппұл салынады

31 Қазан 2022, 12:34
1532
Бөлісу:
Тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелмеген азаматтарға айыппұл салынады

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, ел азаматтарына тұрғылықты жері бойынша тіркелу маңызды. 

ІІМ тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген азаматтарға СМС-хабарламалар жіберуді жалғастыруда. Сондықтан егер сізге осындай СМС-хабарлама келіп түскен болса, онда ІІМ дерекқорында сіздің тіркелуіңіз туралы мәліметтер жоқ және сізге тұрғылықты жеріңізде тіркелуіңіз керек деген сөз, - деп түсіндірді ІІМ өкілі. 

Сонымен қатар ол осындай сипаттағы хабарламаларды жіберудегі басты мақсатқа тоқталды. 

Мұндай хабарламаларды жіберудің мақсаты – азаматтардың нақты тұратын жері бойынша тіркеусіз тұруына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бүгінгі күні тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін 10 күннен 1 айға дейін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. 1 айдан жоғары – 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл кесіледі. Қазіргі уақытта тұрғылықты жерін тіркеу қызметі «электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ «Халық Банкі» АҚ – Нalyk Homebank мобильді қосымшасында қолжетімді. Өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша тіркелуіңізді порталдағы eGov.kz  немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы тіркеле аласыз, - деді Шұғыла Тұрлыбек. 

Өзгелердің жаңалығы