«Тұран» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

7 Сәуір 2022, 05:19
1534
Бөлісу:
«Тұран» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Тұран» футбол клубының бас бапкері Владимир Газзаев қызметінен кетті.

Келісімшарт маманның отбасылық жағдайына байланысты қос тараптың қатысуымен бұзылған. Қазір бас бапкердің міндетін жаттықтырушы Қуаныш Қабдолов атқарады.

«Тұран» футбол клубының ұжымы Владимир Валерьевичке атқарған жұмысы үшін алғысын айтып, жаттықтырушы қызметінде тек сәттілік, отбасына аман-саулық тілейді, – деп жазылған клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Өзгелердің жаңалығы