Тұран даңғылы бойынша қозғалысты ұйымдастыру уақытша өзгерді

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы бұрын жабылған учаске, сондай-ақ Ұлы Дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске әуежайдан қалаға қарай ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

 Астана қаласы әкімдігі 24 Мамыр 2024 2024, 07:22
24 Мамыр 2024 2024, 07:22
739
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, Бұқар жырау көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде Тұран даңғылының бойындағы бұрын жабылған учаске, сондай-ақ Ұлы Дала даңғылынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаске әуежайдан қалаға қарай ашық, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Осы жылдың 23-25 мамыр аралығында Тұран даңғылының екінші жағы Хусейн бен Талал көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі учаскеде қала жағынан әуежайға қарай жабылады.

Бұл ретте Тұран даңғылы-Хусейн бен Талал көшесі мен Тұран даңғылы-Ұлы Дала даңғылының қиылысы ашылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды және өз бағытын жоспарлауды сұрайды.

Наверх