Тұран ауданында ауыз су бұрқақтары орнатылып жатыр

15 Маусым 2023, 04:31
839
Бөлісу:
Тұран ауданында ауыз су бұрқақтары орнатылып жатыр

Биыл Шымкент қаласы, Тұран ауданы аумағында 13 ауыз су бұрқағы орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар Мәделі қожа – Рысқұлбеков көшелерінің қиылысы, Байтұрсынов – Бекбосынов, Момышұлы – Желтоқсан, Дулати – Рысқұлов, Темірлан тас жолы – Мангельдин, Темірлан тас жолы – Желтоқсан, Республика даңғылы – Асқаров көшесі және Темірлан тас жолы – Қожанов көшелеріне қойылады.

Ауыз су бұрқағы қаланың келбетіне эстетикалық көрік қосып, жаяу жүргіншілердің шөлін басады дейді жауаптылар. Себебі, су арнайы сүзгі арқылы өткізіледі. Аталған жұмыстар биылғы жылдың маусым айында басталып, шілде айында аяқталады. Сондай-ақ субұрқақтар шомылу маусымының соңына дейін жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы