Тұран ауданында 10 спорт, 13 ойын алаңшасы салынады – Шымкент

13 Мамыр 2023, 06:39
1035
Бөлісу:
Тұран ауданында 10 спорт, 13 ойын алаңшасы салынады – Шымкент
Фото: newsroom.kz

2023 жылы Тұран ауданында 13 ойын алаңшасы орнатылады. Сонымен қатар, 10 ашық спорт алаңшасы халық игілігіне берілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тұран ауданына қарасты Бәйдібек би көшесіндегі 246 тұрғын үйде 30 отбасы тұрады.

Тек бұл аумақта ғана емес, сонымен қатар Құрсай елдімекенінде де биыл 5 ойын алаңшасы салынады. Жер мәселесі қиындау болғандықтан, алаңшаға арналған жерлер тұрғындардың ұсынысымен бекітілген. Қазір қаржы бөлініп, мердігер компаниялар анықталып, құрылыс басталып та кетті.

Алғашқылардың бірі болып мемлекеттік сатып алудың жеңімпаздары анықталған. Құрылыс жұмыстары енді басталды. Ұзақтығы 3 ай деп жоспарланған бірақ оған дейін бітіреміз деп жоспарлап отырмыз. Сметалық құны бойынша 28 млн. болса, оған жеңілдік тастап, жеңімпаз мекеме құрылысты бастады. Бұл жерлерде тұрғындардың ұсынысы бойынша, назарға ала отырып, жерді іздестіру жұмысын жүргізіп, Тұран ауданы әкімдігінің атына рәсімдеп, қазіргі таңда сметалық құжаттамасын әзірлеп, мердігер құрылы жұмыстарын жүргізуде, - деді Тұран ауданы әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол.

Тұран ауданындағы абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында жүзеге асырылып келеді. Биыл ауданда 13 балалар ойын алаңшалары салынып, 10 аумақта ашық спорт алаңшасын орнатылады.

Өзгелердің жаңалығы