Тур де Ски: Валерия Тюленова 18-орыннан көрінді

6 Қаңтар 2020, 03:03
6029
Бөлісу:
Тур де Ски: Валерия Тюленова 18-орыннан көрінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 28 желтоқсанында Швейцарияда басталған "Тур де Ски" шаңғы көпкүндігі 2020 жылдың 5 қаңтарында Италияда аяқталды, деп жазады Olympic.kz.

Соңғы жарыс күнінде әйелдер масс-старт бойынша 10 шақырымға, ерлер 15 шақырымға жарысқан болатын. 

Әйелдер арасында қазақстандық Валерия Тюленова жоғары нәтиже тіркеді. Ол 18 орын иеленген. Анна Шевченко 23,  Ирина Быкова 36, Ксения Шалыгина 40 сатыда. Бұл бәсекеде норвегиялық Тереза Йохауг жеңіске жетті.

Ерлер арасындағы бәсекеде қазақстандықтар төмендегідей нәтиже көрсетті: Владислав Ковалев 44, Денис Волотка 49, Наиль Башмаков 50 орын.  Турнирдің жалпы қорытындысы бойынша Валерия Тюленова 30, Анна Шевченко 34, Ирина Быкова 40, Ксения Шалыгина 41 орын алды. 

Ерлер арасында Денис Волотка 50, Владислав Ковалв 52, Наиль Башмаков 55 сатыға тұрақтады. 

Естеріңізге сала кетейік, "Тур де Ски" көпкүндігі жеті кезеңнен құралды.  




Өзгелердің жаңалығы