Түпқараған ауданында балық өңдеу зауыты салынады – Маңғыстау облысы

30 Мамыр 2021, 03:33
1917
Бөлісу:
Түпқараған ауданында балық өңдеу зауыты салынады – Маңғыстау облысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түпқараған ауданындағы Баутин ауылында балық өңдеу зауыты салынады. Жобаны «Каспий Алтын Балық» ЖШС жүзеге асырады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте аудан әкімі Айбек Қосуақов мәлім етті.

Оның айтуынша, жоба 3 кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде балық (килька, сазан, кефаль, тб.) ауланып, халыққа қолжетімді бағамен сатылады. Маусым айында кеме балық аулауға шығады. Оған қоса шағын 60 қайық орналасатын кеме тұрақтары салынады.

Алғашқы кезеңде 25 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 2-кезеңде балық өнімі консервіленіп, ысталады. 3-кезеңде булау әдісімен балық қалдығынан жемдік ұн шығарылады. Зауыт толық іске қосылғанда 50 адам жұмыспен қамтылмақ, – деді Айбек Қосуақов.

Өзгелердің жаңалығы