"Тұншығып жатты". Полиция бастығы судан адамдарды қалай құтқарғанын айтты

30 Сәуір 2024, 17:44
736
Бөлісу:
"Тұншығып жатты". Полиция бастығы судан адамдарды қалай құтқарғанын айтты
Фото: Видеодан кадр

Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары екі адамды ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оқиға Петропавл қаласының шетіндегі Былғары зауыты ауданында болған. Есіл өзені арнасынан асып, айналаға жайылған кезде мұздай суға құлап, жағаға жете алмай жатқан ағайынды екеуді полиция байқап, жол талғамайтын көлікпен дереу жеткен.

Ағыстың жылдамдығы қатты болды. Оқиға орнына жеткен кезде бір адам тіпті құлап, тұншығып жатты. Еш ойланбастан мұздай суға секіріп, оларды сыртқа алып шықтық, - деді қалалық полиция басқармасының бастығы Мұрат Жұмалиев.

Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында «Біз біргеміз» ұлттық телемарафоны алғаш рет 10 республикалық телеарнадан тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. 

5 сағаттық хабар су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтар және қызыл су зардабымен күрескен құтқарушылар, еріктілер, дәрігерлер, бейжай қалмаған тұрғындар жайлы болады.

Өзгелердің жаңалығы