Тұңғыш Президент туралы заң жобасы әзірленсе, пысықтаймыз – министр

15 Қараша 2022, 11:34
909
Бөлісу:
Тұңғыш Президент туралы заң жобасы әзірленсе, пысықтаймыз – министр

Әділет министрі Қанат Мусин Үкімет отырысының кулуарында Тұңғыш Президент туралы заңның тағдыры туралы пікірін айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біздіз Конституциядағы Тұңғыш Президенттің айрықша мәртебесі туралы тұстардың бәрі алынып тасталған. Сәйкесінше қазір отандық заңнаманы Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Мусиннің айтуынша, Парламенттен аталған заңның күшін жою туралы бастама түскен жағдайда министрлік пысықтауға алады.

Әрине, заңнама Конституцияға сәйкестендіріледі. Сәйкесінше Тұңғыш Президент туралы заңның өз функциясын жоғалтқаны туралы шешім қабылданады. Жұмыс жоспары бойынша жүріп жатыр. Әзірше мерзімі жоқ. Заң шығару бастамасы Үкіметке ғана тиесілі емес, Президент пен Парламетке де тиесілі. Сондықтан ондай бастама депутаттар тарапынан да берілуі мүмкін. Бірақ қазіргі таңда Әділет министрлігіне Парламенттен ондай заң жобасы түскен жоқ. Түскен жағдайда пысықталады, - деді Қанат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы