Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы таныстырылады, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Депутаттар Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға мынадай түзетулер енгізді:- 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау;- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу, - делінген заң жобаасының қорытындысында.
Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның нормаларын басшылыққа ала отырып, заң жобасының тақырыбы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» болып өзгертілді.