Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

1 Желтоқсан 2021, 10:11
4746
Бөлісу:
Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президент күні. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы заңнамасына  қол қойылды. Сол уақыттан бастап бұл мереке дәстүрлі түрде жыл сайын аталып өтеді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстан тәуелсіздігімен тете ұғым. Мерекеге орай Елбасының еңбек жолы мен халықаралық беделін тағы бір мәрте айта кетуді жөн көрдік.

Елбасы кемеңгерлігі

Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

Елбасының ресми сайты оның оміріндегі бетбұрысты сәт оның 1972 жылы өзіне етене жақын Қарағанды металлургия комбинатында партия комитетінің хатшысы лауазымына тағайындалуы болғанын жазады. Ол 30 мың адам жұмыс істейтін Қазақстан ауқымындағы аса ірі кәсіпорында комбинат директорынан кейінгі екінші тұлғаға айналған.

Бұл зор жауапкершілік жүктеген еді, оның ауыртпалығын көп ұзамай-ақ толық сезінді. Тек партиялық жұмыстармен ғана емес, өндіріспен, өнім шығару жоспарымен, жөндеу және құрылыс мәселелерімен, кәсіпорынды жабдықтаумен, көптеген адамның тұрмыстық, баспаналық, мәдени және отбасылық істерімен де айналысуға тура келді, - делінген онда.

Металлургтермен бірге ол қайнаған ыстықта жүрді, шахтерлермен бірге штольняларға түсті. Сондықтан Назарбаев үлкен лауазым иелерінің кабинеттеріне қаймықпай кіріп, әділдікке жету үшін «қара қылды қақ жарғандай» етіп шындықты ғана айтты.

Сонымен бірге оның бойында көрегендік, барлық мүмкіндікке және жаңа атаулыға деген зор ынта-ықылас сезіліп тұрды. Мұндай тәжірибелі және жігерлі мамандарға деген сұраныс елде зор болатын.  Сондықтан да 1977 жылдың өзінде ол Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, одан соң екінші хатшысы болды.

Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

Нұрсұлтан Назарбаев 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болды. 1984 жылы 44 жасында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды. Ол КСРО-дағы одақтық республикалардағы ең жас премьер еді. Бірақ өзге әріптестерімен салыстырғанда жас екендігіне қарамастан, ол сол кездің өзінде кемеліне келген мемлекет және қоғам қайраткері болып қалыптасты. 

Өзінің жаңа қызметінің биігінен ол туған республикасының дамуында жіберілген қателік-қиғаштықтардың ауқымы мен олар тудыратын қасіретті толық сезіне алды. Ол Қазақстанның одақтық экономика үшін алып шикізат қорына айналып кеткенін көрді.

Тұтыну тауарларының 60 пайызы Қазақстанға өзге республикалардан әкелінетінін, қазақстандықтардың ең басты мұқтаждықтары бұрынғыша шикізаттық дамудың ыңғайына қарай өтелетінін аңғарды.  

Ол өзімен бірге өзгелердің де ой-санасы ашылып, бүкіл ел ояна бастағанын байқады. Әйгілі 1986 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін «жылымық» кезең болғандай еді, бірақ республиканы Г.Колбин басқарған аз ғана жылда одақтық орталық өктемдік көрсетіп, қайта құрсаулап тастады. Бірақ уақыт ағынын тоқтату мүмкін емес еді. Өзгерістер пісіп-жетілді. Оқиғалар барған сайын жеделдей түсті, - деп жазады elbasy.kz.

КСРО-да 1989 жылғы көктемде алғашқы рет мемлекеттік биліктің ең жоғары органының баламалы негіздегі сайлауы болып өтті. Мәскеуде 1989 жылғы маусымда реформалардың қажеттігі, идеология мен экономиканың түйткілді мәселелері қызу талқыланған КСРО халық депутаттарының бірінші съезі болды. Халық депутаттарының съезі біте салысымен, Геннадий Колбин Мәскеуге жұмысқа ауыстырылды. Қазақ КСР Компартиясының Орталық Комитеті 1989 жылғы 22 маусымда бірінші хатшы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевты сайлады. Оған пленумға қатысқан 158 адамның 154-і жақтап дауыс берді.

Сол 1989 жылғы шілдеде Қарағандыда экономикалық қана емес, саяси мақсат көздеп, Семей полигонын жабу туралы талап қойған шахтерлер ереуілі басталды. Назарбаев ереуілшілердің талаптарын қолдады – ол адамдардың орталық ведомстволар монополиясына деген наразылығын жақсы түсінді. Дәл солар сияқты ол өзі де Қазақстанның экономикалық дербестігін, зардабы зор сынақтардың тоқтатылуын қалайтын.

Демократиялық үдерістер КСРО республикаларында жаппай еңбекшілер бірлестіктерінің құрылуына алып келді. Қазақстандағы ең алғашқы және мейлінше қатары қалың қозғалыстың бірі 1989 жылы құрылған, түпкі мақсаты Семей полигонын және Қазақстан аумағындағы өзге де сынақ орындарын жабуды көздеген «Невада – Семей» экологиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс та Нұрсұлтан Назарбаевтың қуатты қолдауына ие болды. Барша қазақстандықтардан жаппай қолдау тапқан оның күш-жігері керемет табысқа жеткізді – халыққа қасірет әкелген Семей полигоны біржола жабылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президенті лауазымын белгіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев республиканың Жоғарғы Кеңесі сессиясында Қазақстан тарихындағы тұңғыш президент болып сайланды.

1991 жылғы 1 желтоқсанда республика президентінің алғашқы бүкілхалықтық сайлауы өтіп, оның барысында Назарбаев сайлаушыларының толық қолдауына ие болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы заң қабылдады және Қазақстан Президентін ұлықтау рәсімін өткізді.

1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жария етті. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кірісті.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірі басталды.Қазақстан Республикасының қайта қабылданған Конституциялық заңы негізінде 2010 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Елбасы (Ұлт Көшбасшысы) мәртебесі берілді.

«Назарбаев дәуірі»

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» немесе «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Тұңғыш Президенттің бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ әлемдегі ірі елдердің лидерлерінің де назары күшейіп отыр.

Бүгінде Қазақстан бірлік пен қоғамдық келісімнің алтын бесігіне айналды. Еліміздегі татулық пен ынтымақтың бірегей үлгісін жаһан жұртшылығы зерделеп, «Қазақстандық жол» немесе «Назарбаев моделі» деп баға береді. Елбасының салған сара жолына әлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Тұңғыш Президенттің бастамалары мен идеялары терең зерттеулерге арқау болып, оған халықаралық деңгейдегі жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының, сондай-ақ әлемдегі ірі елдердің лидерлерінің де назары күшейіп отыр.

Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

Нұрсұлтан Әбішұлы — саясатта көптен, кеңес дәуірінен келе жатқан тұлға. Мені қатты таңғалдыратыны — оның заман тынысын тап басып танитыны... Бұл қасиет — бүгінгі әлемді дөп басып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған? Жақында Нұрсұлтан Әбішұлының тағы бір қасиетін байқадым. Ол кейбір нақты жағдайларда өте сезімтал болуы мүмкін. Демек, ол адами қасиеттерін жоғалтпағаны. Бұл мен үшін өте маңызды, өйткені осы қасиет - адамның аса бір жақсы қасиеті,- деген еді Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин.

Ресей көшбасшысының айтуынша, кейбір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қарапайым адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады.

Бұл жеке адамға, қарапайым отбасылар өміріне қалай әсер етеді? Солардың орнына өзін, өзінің жақындарын қойып көріп барып, шешім қабылдайды. Ол — өз халқының бір бөлігі.Қазақстан үшін Нұрсұлтан Назарбаев – тарихи бірегей тұлға. Өйткені, осы уақытқа дейін қазақтарда қазіргі мемлекеттік құрылымы бар мемлекет болмады. Ол - тек қана Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғана емес. Ол Қазақ елін, қазақстандық мемлекеттілікті құрушы. Оның бірегей тарихи рөлінің мағынасы да осында, - деді ол.

Ал Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанның Назарбаев айқындап берген саяси бағытты ұстанып, жаңа табыстарға жететініне сенімді екенін айтады.

Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

Сізді Қазақстанның негізін қалаушы тұлға және барша  Қазақстан халқының қолдауына ие болған Ұлт көшбасшысы ретінде білеміз. 30 жыл ішінде Қазақстан халқы сіздің басшылығыңызбен көптеген қиыншылықты еңсеріп, тәуелсіз, демократиялық, өркендеген, бай әрі қуатты Қазақстан республикасын құра білді. Алдағы уақытта да Қазақстанның сіз айқындап берген саяси бағытты ұстанып, жаңа табыстарға жететініне, сондай-ақ қарқынды дами түсетініне сенімдімін, - деді ол.

Түркия республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы дейді.

Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда қолдаймыз, әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Қазақстан Президентінің түркі әлеміндегі беделі өте жоғары, Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңірген ерен еңбегін атап өткім келеді, - деген еді ол.

Ресми лауазымы мен қызметінен басқа, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ғылыми дәрежелер мен атақтарға ие.

Өзінің бай тәжірибесіне сәйкес, бүгінде Мемлекет басшысы Қазақстанда білімді дамытуға мейлінше көңіл бөледі. Жыл сайын бұл салаға бюджеттен едәуір көлемде қаражат бөлінеді. Біздің елімізде жаңа заманауи мектептер, соның ішінде дарынды балаларға арналған мектептер, ең озық жабдықтармен жабдықталған әлемдік деңгейдегі университеттер ашылуда.

Тұңғыш Президент күні: Елбасының кемеңгерлігі мен дәуірі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қайда болса да, республика көлемінде немесе шетелдік сапарда болсын, жоғары оқу орындарының студенттерімен ұдайы кездесулер өткізеді, дәрістер оқып, өзінің білімі мен тәжірибесін жастармен бөліседі.

Өзгелердің жаңалығы