«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

18 Сәуір 2022, 18:01
1912
Бөлісу:
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
PHOTO
Фото: Бақытжан БАТЫРХАНҰЛЫ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» көшпелі экскурсия жобасының ашылу салтанаты өтті. 

Іс-шара елімізде президенттік институттың құрылған күніне орай ұйымдастырылып отыр. 

«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

Astana IT University ғимаратында Елбасы кітапханасының «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды. Соның шеңберінде көпшілік назарына сәндік-қолданбалы өнер мен бейнелеу өнерінің үлгілерін, қару-жарақтарды, ұлттық киімдер сынды музей жәдігерлері  ұсынылып отыр. 

«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

Елбасы кітапханасы жыл сайынғы өзінің дәстүрлі легін бастағалы отыр. Қазіргі жастар, көздері ашық, көкірегі ояу, жаңашыл әрі ізденімпаз. Бүгінгі іс-шараны әзірлеу барысында осыны ескеруге тырыстық, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.

«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

Сондай-ақ көрме аясында келушілерге «Сақ мәдениеті заманауи Қазақстан келбетінде», «Жапон мәдениетіндегі самурайлар бейнесі», «Уақыт сақшылары. Фототехниканың даму тарихы» тематикалық экскурсияларына қатысуға мүмкіндік туды. 

«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

Көрменің жастар көрсетер өнегесі мол. Өйткені Қазақстан талай кезеңдердің нәтижесінде тәуелсіздік алғаны белгілі. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырғандай, экспедиция шеңберінде әр түрлі заттар қойылған. Университетіміздің қабырғасында білім алып жатқан талантты жастарға тамаша көрменің куәсі болу мүмкіндігі ұсынылғанына қуаныштымын, - деді Astana IT University ректоры Ахмед-Заки Дархан. 

«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

Осындай шаралардың ерекшелігі - музей саласындағы біраз өзгерістер, инновациялар, технология жағынан жетістіктерді көрсету болып табылады. Біз тек бейне, фотоматериалды ұсынып қоймай, бір топта жәдігерлерді жақындатып көрсететін болсақ, екінші топта олар материалдарды қолдарымен ұстап танысатын болады. Үшінші аудиторияда олар планшеттерді алу арқылы тереңірек деректер ала алады, - дейді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Күләш Ақтаева.

«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

Көшпелі әрі қарай Ақмола облысы Щучье қаласындағы кадет корпусына аттанады. 

«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды
«Тұңғыш». Елордада «Тарих тағылымы» ауқымды көрмесі ашылды

 

Өзгелердің жаңалығы