Түнде көшеде жүрген павлодарлық 917 жасөспірімнің ата-анасы жазаланды

26 Мамыр 2021, 02:43
3070
Бөлісу:
Түнде көшеде жүрген павлодарлық 917 жасөспірімнің ата-анасы жазаланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түнгі уақытта көшеде жүрген павлодарлық 917 жасөспірімнің ата-анасы жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалар мен жасөспірімдерді қауіпті жағдайлардан қорғау үшін олардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуын ата-аналары қатаң бақылауы тиіс. Тек өткен демалыс күндері өңір полицейлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта қыдырып жүрген 17 кәмелетке толмаған баланы анықтады.

Ағымдағы жылдың басынан бері балалардың түнгі уақытта көшеде жүргені үшін 917 ата-ана жазаланды. Өз балаларының жүрген жерін бақыламаған үшін ҚР ӘҚБтК 442-бабы бойынша заңды өкілдерге қатысты әкімшілік іс қозғалды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Жастардың сүйікті жерлерінің бірі – Павлодар қаласының орталық жағалауы. Бұл жерде сағат 23:45-те Павлодар қаласының 2008 жылы туған кәмелетке толмаған №10 лицейінің оқушысы  достарымен қыдырған, сол түні серуендеп жүрген тағы да алты жасөспірім анықталды. Ұсталған барлық балалар тәртіп сақшыларына қыдырып жүріп кеш болғанын байқамай қалғандарын айтқан. Полиция қызметкерлерімен сөйлескен кезде көптеген ата-аналар баласының қайда жүргенін білмеген.

Барлық заңды өкілдерге қатысты ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ата-аналармен және балалармен мұндай мінез-қылықты болдырмау және кәмелетке толмағандардың жүрген жерін бақылау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді. Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері қадағалаусыз қалған кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша тұрақты түрде профилактикалық жұмыс жүргізуде.


Өзгелердің жаңалығы