Тұмаудың алдын алуда биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы бар ма?

11 Қыркүйек 2021, 18:51
6449
Бөлісу:
Тұмаудың алдын алуда биологиялық белсенді қоспалардың пайдасы бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зертханалық клиникалық диагностика дәрігері Анна Сафонова күз кезінде биологиялық белсенді қоспаларды қабылдау тұмауға шалдығудың алдын алады деген ақпаратты жоққа шығарды.

Бұл туралы «Российская газета» жазды.

Оның сөзінше, профилкатика ретінде C, D дәрумендері мен цинкті қабылдаудың тиімділігі төмен. Ол тағамдық қоспалардың дозировкасын қатаң қадағалау қажет дейді.

Сафонова айтып өткендей, иммундық жүйе жұмысына тағам рационындағы майлар, ақуыздар мен көмірсулардың балансы әсер етеді. Яғни иммунитеттің 80%-ы ішек жұмысына байланысты. Сол себепті маңызды ағзаның жұмысын тексертіп тұру қажет.

Күз келісімен жергілікті базарлардан табуға болатын табиғи өнімді көп тұтыныңыз. Сонымен қатар күніне бір тәрелке балғын көкөніс жеуді ұмытпаңыз, - деді дәрігер.

Сафонова қоғам коронавирус пандемиясымен қоса, тұмау эпидемиясының таралу қаупінің алдын алуы керек дейді. Ол үшін қыркүйек-қазан айларында вакцина салдыру қажет. Әсіресе бұл шара қарт адамдарға, балаларға және жүкті әйелдерге қажет. Өйткені осы топтағы адамдарда тұмаудан кейінгі асқынулар жиі болады.

Өзгелердің жаңалығы