Ауруханаға тұмау белгілерімен түскен науқас терісінен айырылды

28 Тамыз 2019, 10:28
2471
Бөлісу:
Ауруханаға тұмау белгілерімен түскен науқас терісінен айырылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та Флорида штатының 50 жастағы тұрғыны инфекция салдарынан терісінің төрттен бір бөлігінен айырылды, деп хабарлады Inside Edition.

Дэвид Айрленд (David Ireland) ауруханаға тұмау белгілерімен түскен. Алайда, оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Біраз уақыт өткеннен кейін дәрігерлер оған некроздық фасциит деген диагноз қойды. Бұндай инфекция шалдыққан адамның жұмсақ тіндері біртіндеп өліеттеніп (некрозданып) кетеді.   

Бір аптаның ішінде 50 жастағы ер адамға 3 операция жасалып, науқастың тері жабынының 25%-ы алынып тасталды. Пациенттің туыстары краудфандингілік қызмет арқылы оның еміне қаражат жинап жатыр.

pic_d8d19c5d154afce49583974787929fd3.jpg

Ер адамның инфекцияны қалай жұқтырғаны әлі анықталмады. Дәрігерлердің сөзінше, аурутуындатқыш бактериялар адам организміне теңізде немесе көлде шомылып жүргенде түсуі мүмкін. Дегенмен, Дэвид Айрлендтің ағасы бұны жоққа шығарды. Оның айтуынша, Дэвид тек өз бассейнінде ғана шомылып жүрген көрінеді.

Некроздық фасциит — Streptococcus pyogenes немесе Clostridium perfringens бактериялары арқылы туындайтын инфекция. Инфекция көбінесе организмнің жұмсақ тіндерін зақымдайды. Аталмыш ауру ең алдымен аяқ-қолдың тіндерін жаралайды.
Өзгелердің жаңалығы