"Тұмар-2023" ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды

4 Шілде 2023, 19:40
1739
Бөлісу:
"Тұмар-2023" ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Байқау жеңімпаздарына 1 млн теңге ақшалай сыйақы мен "Тұмар" мүсіншесі берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне - 7 жыл. Сыйлыққа қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды.

Сонымен Ұлттық телевизиялық бәйгенің жеңімпаздары:

"Үздік ақпараттық бағдарлама" – "Дневной формат" ("Atameken Business" телеарнасы);

"Үздік әлеуметтік жоба" –  "Жанашыр" ("Жетісу" арнасы);

"Үздік журналистік зерттеу" –  "Арнайы репортаж" ("Хабар 24" телеарнасы);

"Үздік аналитикалық бағдарлама" – "Apta" ("Qazaqstan" ұлттық телеарнасы);

"Үздік ток-шоу" – "1001 түн"("Qazaqstan" ұлттық телеарнасы);

"Үздік ойын-сауық бағдарламасы" –  "Түнгі студия" ("Jibek joly" телеарнасы);

Телевизия майталманы Камал Смайылов атындағы "Үздік деректі фильм" номинациясы – "Абайдың соңғы күндері" деректі фильмі ("Хабар" агенттігі);

Отандық тұңғыш телевизия аниматоры, суретші, кинорежиссер Әмен Қайдаров атындағы "Үздік анимациялық фильм" номинациясы – "Дәрігер Дана" (Rio Production ютуб-каналы);

"Үздік аймақтық телеарна" – "Caspian news" телеарнасы (Атырау облысы);

"Үздік тележурналист" – Әйгерім Мұздыбаева ("Еуразия" бірінші арнасы);

"Үздік тележүргізуші" – Еркін Байғабылұлы ("Хабар 24" телеарнасы) және Светлана Булатова ("КТК" телеарнасы).

Амангелді Сейтхан атындағы "Үздік спорт комментаторы" номинациясы – Есей Жеңісұлы ("Qazsport" телеарнасы);

Сонымен қатар отандық телевизияның дамуына сіңірген еңбегі үшін "31 арна" арнайы жүлдеге ие болды.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары енгізілді.

"Тұмар" ұлттық телевизиялық бәйгесі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен 2017 жылы құрылғанын айта кетейік.

Өзгелердің жаңалығы