Синоптиктер 2025 жылғы 2 қаңтарда Астанада және Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Түнде Ұлытау облысында бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Жезқазғанда түнде бұрқасын жүріп, оңтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада да көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбеде күндіз бұрқасын жүріп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Астанада қар жауып, бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, түнде және таңертең кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Көкшетауда бұрқасын жүріп, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, түнде кей тұста 23 м/с дейін жетеді деп күтіледі.
Атырау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең тұман болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Семейде күндіз бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Өскеменде де бұрқасын жүріп, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.