Тұман, дауыл, бұршақ – 6 облыста дауылды ескерту жасалды

18 Тамыз 2020, 16:40
1883
Бөлісу:
Тұман, дауыл, бұршақ – 6 облыста дауылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК Қазақстанның бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады.

19 тамызда Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші кей жерінде 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жезқазғанда 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 тамызда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде күші кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда 18 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Көкшетауда 19 тамызда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

19 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертен кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Петропавлда күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

19 тамызда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

19 тамызда Қостанай облысының кей жерінде найзағай, тұман, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жетеді, - делінген таратылған ақпаратта.

Қостанайда күндіз 19 тамызда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

19 тамызда Маңғыстау облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Ақтауда 19 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 70-100%.

Өзгелердің жаңалығы