«Қазгидромет» РМК бүгін, 17 сәуірде елдің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, ел аумағында тұман, жаңбыр, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі.
Оңтүстік өңірлерде (Түркістан, Жетісу, Жамбыл, Алматы облыстары мен Шымкентте) жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі болжанған. Кей жерлерде екпіні 20–30 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Батыс пен орталықта (Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Ұлытау) тұман, жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік және шығыста (Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай) жауын-шашын, тұман, көктайғақ және жел екпіні байқалады.
Мамандар тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда сақ болуды және қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.