Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 қарашада ауқымды антициклон әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Қазгидромет» РМК мәләметінше, еліміздің тек қиыр батысында қар мен жаңбыр жауады. Сонымен қатар Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.
Атап айтқанда, Алматы облысының Алакөл маңында жел 23-28 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с күшпен жел соғады, түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде және шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейіп, жаяу бұрқасын соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман болады, түнде жел 15-20 м/с екпінмен соғады.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде және шығысында желдің күші 15-20 м/с артады, жаяу бұрқасын жүреді.
Қызылорда облысының орталығында, күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с соғады.