Түлкібастық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығын ашты

5 Ақпан 2021, 14:55
1754
Бөлісу:
Түлкібастық полицейлер бірнеше пәтер ұрлығын ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері үнемі бөтеннің мүлкін ұрлаудың жолын кесу мен орын алған қылмысты дер кезінде ашуда қарқынды қызмет етіп келеді. 

Өкініштісі, көбіне ұрлық қылмыстарын жасаушылар жәбірленушінің таныстары, кейде тіпті жақын туыстары болып шығады.

Мәселен, Түлкібас АПБ-не 2021 жылдың ақпан айының басында жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша оның азаматтық некеде тұрған күйеуі үйіндегі 1 миллион теңгеге жуық ақшасын жасырын жымқырып кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Полицейлер бірден әрекетке көшті. Арызданушы көрсеткен, күдікке ілінген азаматтың тұрғылықты мекенжайын анықтап, оны АПБ-не жеткізді. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында анықталғандай, отбасылық жанжалдан кейін, күдікті ер адам азаматтық некедегі әйелінің жинап жүрген ақшасын білдіртпей алып кеткен. Ақшасының жоқтығын арадан бірнеше күн өткенде ғана білген әйел, полицейлерден көмек сұрайды. Белгілі болғандай, ер адам  ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап жіберген, - делінген ақпаратта.   

Сондай-ақ келесі арызданушы вахталық жұмысқа 15 күнге кетіп, үйіне келгенінде газ пешінің жоқ екенін көрген.  Уақыт өткізбей тәртіп сақшыларына хабарлап, ұрыны ұстауға көмек берулерін сұраған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Түлкібас АПБ-нің тәжірибелі полицейлерінен құрылған жедел тергеу тобы тез арада жедел-іздестіру шараларын жүргізеді. Нәтижесінде осы ұрлықты жасаған жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Тергеу барысында жәбірленуші жұмысқа кетерінде көршісіне үйіне қарайлап тұруын сұрап, кілттерін сеніп тапсырғаны белгілі болды. Содан көршісі газ пешті рұқсатсыз алып, өз үйінде қолданып жүргені анықталды. Өз кезегінде ұрланған зат айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. 

Өзгелердің жаңалығы