Түлкібаста жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді – Түркістан облысы

Түлкібас ауданына қарасты Абайыл елді мекенінде заманауи медициналық пункт ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі 18 Желтоқсан 2024 2024, 05:45
18 Желтоқсан 2024 2024, 05:45
584
Фото: Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Түлкібас ауданына қарасты Абайыл елді мекенінде заманауи медициналық пункт ел игілігіне берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нысанда қазіргі заманауи үлгідегі құрылғылар, егу бөлмелері, емшара және қабылдау бөлмесі бар. Сонымен қатар, аудандағы Шақпақ-баба, Мақталы және Тастыбұлақ елді мекендерінде заманауи медициналық нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде, - деп жазды әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, Шақпақ-баба және Тастыбұлақ ауылындағы нысандардың құрылысы биыл аяқталып, жыл соңында пайдалануға берілмек. Ал Мақталы елді мекеніндегі нысан келесі жылға өтпелі.

Наверх