Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
11 ақпанда Түлкібас ауданының Шақпақ-баба ауылы, А-2 «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» тас жолының жабық учаскесінің алдында (593-632 км, Жамбыл облысы –Машат елді мекені) 120 жеңіл, 100 жүк көлігі, 600-ге жуық жолаушы және 15 жолаушылар автобусы жиналып қалды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.
Түлкібас ауданында ыстық тамақпен қамтамасыз етілген 3 жылыту пункті ашылды.
Адамдар қажет болған жағдайда жылыту пунктіне жеткізіледі.
Жұмысқа ТЖ, полиция департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жедел медициналық жәрдем бригадасының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сонымен қатар, "жедел желі " телефоны ашылды: 8(7253)357881