Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде айтты.
Ережелерге сәйкес, барлық бейнежазба биылдың соңына дейін талданып, тыйым салынған заттардың қолданғаны анықталған жағдайда тестіленушілерді балдарымен қоса, егер олар грантқа түскен болса, грант тағайындау конкурсының нәтижесі де жойылады, - деді ол.
Ал ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, 103 мыңнан астам талапкер шекті балды алды.
Ол оқуға түсушілердің 67 пайызын құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға жоғары. ҰБТ-ның орташа балы – 66. Ең жоғары балл 139-ды құрап отыр, - деді ол.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау, жоспарланғандай 25 шілдеде аяқталды.
Алайда, құжаттарды қабылдаудың соңғы күні демалыс күніне түскендіктен, Министрлік тарапынан құжаттарды қабылдауды тағы бір күнге, 26 шілдеге дейін, ұзарту бойынша шешім қабылданды.Құжаттарды қабылдау 26 шілдеге дейін тек жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы қабылданады.