Туған күннен қалған тағам: Өзбекстанда әйел мен үш баласы тамақтан уланып көз жұмды

22 Қазан 2026, 19:49
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев 22 Қазан 2026, 19:49
22 Қазан 2026, 19:49
204
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Нұркен Алишев

Хорезм облысының Бағат ауданында тамақтан улану салдарынан анасы мен оның үш кәмелетке толмаған баласы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ UzNews.uz-ге сілтеме жасап.

Ақпаратты Өзбекстан Бас прокуратурасының ақпараттық қызметінің жетекшісі Хаёт Шамсутдинов хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 8 қазанда отбасы мүшелері өткен түндегі туған күн тойлаудан кейін қалған тамақ өнімдерін жегеннен кейін оларда улану белгілері пайда болған.

Өлім себептерін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Тексеруге облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының, Санитариялық-эпидемиологиялық амандық және қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің, сондай-ақ облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мамандары тартылды.

Орын алған оқиғада қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін және адам өліміне әкеп соқтырған өнімдерді өндіруге, сақтауға немесе сатуға байланысты қылмыс белгілері байқалады.

Осыған байланысты бұл факт бойынша Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 276-11-бабы 4-бөлігінің «а» тармағымен  қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда балабақшада жәндіктерге қарсы дәріні ішіп қойған бала қайтыс болды. 

Тағы оқи отырыңыз: 

Ақтауда ысталған балықтан уланған 9 жасар бала қайтыс болды

Павлодар мектебінде өткір иісі бар таблеткалар табылды: Төрт баланың денсаулығы нашарлады

Белгісіз сұйықтықтан улану: Петропавлда екі адам қайтыс болды, тағы біреуі ауыр халде жатыр

 

Наверх