Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Туған әкесін аяусыз ұрып-соққан ер адам 5 жылға қамалды

Бөлісу:
 видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Қоссейіт ауылында тұратын 41 жастағы Алмас Садақбаев қарт әкесіне қатысты қатыгездік көрсетіп, оны қорлағаны үшін, сондай-ақ дәрменсіз күйде болған ата-анасына орташа ауырлықтағы қасақана дене жарақатын келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот барысында ол өз кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкініш білдірді. Сондай-ақ кешірім сұрап, жаза тағайындауда жеңілдік танытуды өтінді. Оның айтуынша, асырауында бес кәмелетке толмаған баласы бар, оның үшеуі бұрынғы некесінен.

Бұған дейін прокурор айыпталушыға 6 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған азамат қамауға алынғанын хабарладық. Сондай-ақ, ер адамның өз әкесіне деген қатыгездік көрсетуіне психологиялық тұрғыдан не себеп болуы.

Кеше, яғни 15 қаңтарда болған сот отырысында Алмас Садақбаев сотта жылап, халықтан кешірім сұрады.

Өзгелердің жаңалығы