BAQ.KZ редакциясы рәміздерді қорлағандарға қандай айыппұл салынатынын еске салуды жөн көрді.
Оқи отырыңыз:
Елімізде Қылмыстық кодекстің "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" туралы 372-бабында мұндай әрекетке барғандар қалай жазаланатыны анық көрсетілген.
Рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке (1 АЕК – 2025 жылы 3 932 теңге) және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін.
2025 жылдан бастап 1 АЕК – 3 932 теңге, демек 3 000 АЕК – 11 796 000 теңге болады.
Еске салсақ, бұған дейін Атырауда туға қатысты даулы сурет бойынша тергеу басталғанын жаздық.