Цифрлық технологиялар HR саласына қалай еніп жатыр

17 Қараша 2023, 16:00
530
Бөлісу:
Цифрлық технологиялар HR саласына қалай еніп жатыр
Фото: Президент Іс басқармасы

Астанада өткен конференцияда сарапшылар цифрлық технологиялардың HR саласына қалай ендіріліп жатқанын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

17 қарашада Астанада «HR және цифрлық технологиялар гармониясы: үздік командаларға арналған инновациялар» тақырыбында конференция өтті. Ұйымдастырушы – ҚР Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы (МТАЖО).

Шара өз саласының білікті сарапшылары мен көшбасшыларының басын қосып, олар цифрлық технологиялар дәуіріндегі персоналды басқарудың жаңа тәсілдері туралы әңгімеледі.

Аудитория алдында мемлекеттік құрылымдардың, еліміздегі ең белгілі медициналық хабтардың, ірі қазақстандық компаниялардың топ-менеджерлері, HR және IT бөлім басшылары, сондай-ақ танымал бизнес-тренерлер сөз сөйледі.

Цифрлық технологиялар HR саласына қалай еніп жатыр

Конференция спикерлері рекрутинг және персоналды бейімдеуде Digital құралдарды қолдану, HR, кризистік басқару стратегиясының тиімділігін арттыру, KPI және персоналды ынталандыру, инклюзивті HR және командадағы әртүрлілік, цифрлық гигиена және қауіпсіздік, персоналды басқарудағы эмоциялық интеллект және басқа да тақырыптарды қозғады.

Конференцияны ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой ашты.

Біз үздіксіз дамып жатқан технологиялық өзгерістер біздің өміріміздің түрлі саласына әсерін тигізіп жатқан бірегей дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Бүгін біз цифрлық технологиялардың HR саласының әрбір аспектіне еніп жатқанын көріп отырмыз. Конференция аясында персоналды іріктеуде IT қолдану, таланттарды басқару үшін инновациялық шешімдерді ендіру мәселелері, сондай-ақ кадрды оқыту мен дамытудағы цифрлық платформалардың ролін қарастырамыз. Бұл инновациялық тәсілдердің үздік командаларды қалай қалыптастыра алатынын зерттеуге айрықша көңіл бөлінеді. Біз болашақта қандай дағдылар мен біліктіліктер сұраныста болатынын және біздің командаларды өзгерістерге қалай дайындауға болатынын қарастырамыз, - деді ол.

Пленарлық сессияға Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев қатысып, ол өз баяндамасында цифрлық технологияларды денсаулық сақтау саласының жұмысшыларын дамыту үшін қалай қолдануға болатынын әңгімеледі.

Цифрлық технологиялар HR саласына қалай еніп жатыр

2022 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық Аймақтық Бюросы 2023–2030 жылдарға Еуропалық аймаққа арналған цифрлық денсаулық сақтау саласындағы әрекеттер жоспарын қабылдады. Бұл жоспарды жүзеге асыру аясында Қазақстанда цифрлық денсаулық сақтауға және денсаулық сақтау ақпаратын басқару жүйесіне кешенді бағалау жүргізілді. Бағалау елде болған прогреспен қатар, мықты және әлсіз жақтарды да ашып көрсетті. (…) Жасанды интеллект саласындағы соңғы жылдардағы жетістіктер жағдайды түбегейлі өзгертіп, өнімділікті бірнеше есе арттыру үшін оны белсенді қолданатын медициналық жұмысшылардың жаңа класын құруды басым міндеттер қатарына шығарды, – деп атап өтті спикер.

Қатысушылар, сондай-ақ, Президент Іс басқармасының жүйесінде қандай жетекші шешімдер қолданылатынын да ықыласпен тыңдады. ҚР ПІБ ұйымдастырушылық-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шолпан Жұмағұлова және МТАЖО вице-президенті Гүлнұр Бөкенова кадрлық әкімшілендіру және HR процестерін автоматтандырудағы ПІБ жүйесінің тәжірибесі туралы әңгімелесе, ҚР ПІБ «Инженерлік-техникалық орталық» РМК директорының м.а. Манат Ысқақов кәсіпорын жұмысында пайдаланылатын цифрлық технологияларға тоқталды.

Цифрлық технологиялар HR саласына қалай еніп жатыр

Өз тәжірибелері жайлы қазақстандық ірі компаниялардың өкілдері де бөлісті. Мысалы, қатысушылар алдында ««Самұрық-Қазына» АҚ Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Эльмира Каримова сөз сөйлеп, ұлттық әл-ауқат қорының тәжірибесі мен тәсілдері туралы әңгімелесе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры Жанат Қожагелдина ірі уран өндірісі компаниясында персоналды қалай ынталандырып, қандай нақты KPI қойылатыны туралы баяндады.

Кадр тұрақсыздығы мәселесін «НОМАД Иншуранс» СК» Басқарма басшысының кеңесшісі Қуат Домбай көтеріп, ол 2021 жылғы салалық зерттеу туралы айтып берді.

Кадрдың толмауының мәселесі салааралық, жалпы, хроникалық, сәйкесінше жүйелік сипатқа ие. Ол рекрутинг тәсілдерінде әдістемелік шешімдерді талап етеді. Салалық орташа кадр тұрақсыздығы 23%-дан астам, IT бөлімдерде – 34%, сауда саласында – 29%. HR бөлімдердің ашық бос жұмыс орындарын жабу деңгейі: 1-3 ай мерзімде 54%, 3-6 айда 12%, ал 6-9 айда 3%-ды құрайды, - деді ол.

Бұл мәселені шешудегі ең тиімді нұсқалардың бірі ретінде ол предиктивті рекрутингті ұсынды.

Спикерлер арасында академиялық бағыт өкілдері де болды. Nazarbayev University профессоры Льюис Майкл ұйымдардың қауіпсіздіктің цифрлық гигиенасын қалай сақтауы қажеттігі жөнінде инсайттармен бөлісті.

Цифрлық технологиялар HR саласына қалай еніп жатыр

Конференцияның бас ұйымдастырушысы, МТАЖО Президенті Қази Тілеубеков шараны ұйымдастыруда қандай мақсаттар көзделгенін түсіндірді.

Біз адам ресурстарын басқару саласындағы тәжірибе мен біліммен алмасу үшін, сонымен қатар байланыс және нетворкинг үшін платформа құру мақсатында түрлі сала мен бизнес өкілдерін осы жерге жинап отырмыз. Біздің ең бірінші кезектегі мақсатымыз – өте жылдам өзгеріп жатқан цифрлық ортаға бейімделуде HR мамандар мен жетекшілерге қолдау көрсету. Біз ПІБ жүйесінің кәсіби HR мамандары халықаралық және қазақстандық ірі компаниялардағы тәжірибені игеріп, сондай-ақ өзіндік тәжірибелер мен жетістіктермен бөліскенін қалаймыз. МТАЖО көп жылдардан бері ПІБ түрлі ведомстволық бағынышты ұйымдарында қызметкерлерді оқыту және дамытумен айналысып келе жатқанын атап өту маңызды. Біз тренингтер мен семинарлармен 15 мыңнан астам адамды қамтыдық. Сондықтан біз үшін өзге барлық жұмысшыларға білім беруде басты драйвер және айқындаушы фигура болып табылатын дәл HR мамандарды дамытуға күш салу маңызды, – деп атап өтті ол.

Айта кетейік, шараға кәсіби HR және IT қауымдастық өкілі болып табылатын 250-ден астам адам қатысты.

Өзгелердің жаңалығы