Цифрлық стартаптар білім беру саласын қалай өзгертеді?

29 Маусым 2022, 11:58
1855
Бөлісу:
Цифрлық стартаптар білім беру саласын қалай өзгертеді?
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы "Зерде" ұлттық холдингі төрағасының орынбасары Марлен Сихаев Нұр-Сұлтан қаласында төртінші халықаралық білім беру технологиялар форумының кулуарында айтты.

Біз IT саласына мемлекет атынан қолдау көрсетеміз. Бүгін көп стартап таныстырылып отыр. Форум үшінші жыл қатарынан болып отыр. Біз IT және инновация саласында бір экожүйені құрып жатырмыз. Сондықтан бұл алаңда барлығымыз тығыз қарым-қатынастамыз, - деді Сихаев.

Оның айтуынша, жаһандану заманындағы цифрландыру білім беру саласын өзгеріске ұшыратты.

"Білім беру саласы цифрландыру заманында қалай өзгереді?" деген тақырыпты ашқымыз келеді. Цифрлық жаһандану заманында біз қашықтықтан білім ала аламыз. Жасанды ортаны жасау үшін көп қаражат керек. Цифрлық технология оны арзандатудың түрін көрсетеді, - деді ол.

Сихаев атағандай, көрмедегі стартаптар мемлекеттен қолдау табады.

Акселерациялық бағдарламаларға өткен стартаптар әртүрлі қолдауға ие болады. Олар коворкинг кеңселерін алып, түрлі бағдарламалар бойынша гранттарға ие болады. Білім алуды қалай жақсартуға болатынын стартаптар көрсетіп отыр. Бұл жердегі стартаптар іріктеуден өткен. Өздерін нарықта ақтай алады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы