Цифрлық даму министрі Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жаслан Мәдиев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың қамауға алынғаны туралы жазды. Министр жазбасын Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.
Мен соңғы оқиғаларға байланысты Павел Дуров пен Telegram командасына қолдау білдіргім келеді, - деді министр.
Оның айтуынша, елімізде 12 млн-нан астам адам бұл желіні пайдаланады.
Министр Дуровтың Қазақстанға соңғы сапары кезінде ауылдағы қазақ балаларын қолдауға бағытталған IQanat жобасының қамқоршыларының бірі болғанын атап өтті.
Ол 365 мың долларға 12 грант бөлген.