Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының E-Party.kz жобасы жедел басқарудың заманауи технологиялары, өңірлер бойынша белсенділік мониторингі, зерттеу жүргізу, сондай-ақ партияның әлеуметтік лифтілерін құру мүмкіндіктерін біріктірді.
Алғашқы цифрлық партияның платформасында вебинарлар, Телеграм-бот арқылы қашықтықтан дауыс беру мүмкіндігі, тестілеуден өту, ғылыми және әлеуметтік зерттеулерге қатысу, атқарылған жұмыстар туралы тұрақты есептер жасау мүмкіндігі қолжетімді болады. Бұдан бөлек, алғашқы цифрлық партияның форматында Телеграмм арқылы сұрақтар қоюға және күн тәртібі бойынша дауыс беруге мүмкіндік бар. Оқуды аяқтағаннан кейін, 2020 жылдың соңына қарай аймақтық рейтинг жүйесі енгізіледі. Жобаға тіркелу партия билетінің нөмірімен жүзеге асырылады. Оны ЖСН секілді сәйкестендіру нөмірі деп қарастырса да болады.
Платформа дамыған сайын әрбір партиялық өзінің партиялық қызметін, оның ішінде еріктілер мен партиялық жобалар арқылы жиналған бонустық ұпайларының рейтингін көре алады.
Белгілі бір бонустар жинақталғаннан кейін кітапханаға қол жетімділік, мамандандырылған партиялық оқуға, оның ішінде "Citadel.Academy" платформасының кәсіби курстарында грантпен оқуға, сонымен қатар магистр бағдарламаларына дайындық, шетелдік тағылымдамаларға қатысу, партияның кадрлық резервіне ену мүмкіндігі ашылады. Көшбасшылық әлеует пен басқарушылық қабілеттердің болуына байланысты профильді тестілеу нәтижелері бойынша кадрлық резерв үшін жеке даму жоспары ұсынылған.
Қазақстанның бірінші цифрлық партиясы жобасы бізге орталық пен өңірлер арасындағы жедел байланысты қамтамасыз етуге, аймақтардан шыққан талантты жастарға әлеуметтік лифттер қалыптастыруға, сондай-ақ Коммунистік Халық партиясының кадрлық резервін арттыруға мүмкіндік береді. E-Party.kz жүйесі үш қағидатқа негізделген: әділеттілік, қолайлылық және анықтық. Бұл тәсіл партиялық карьераға ықпал етеді және партия мүшелеріне үздіксіз білім алу арқылы өздерінің даму мүмкіндіктерін көруге жол ашады, - дейді ҚКХП ОК Хатшысы, «Халық коммунистері» фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.
Айта кету керек, Қазақстан Коммунистік Халық партиясының басшылығы цифрлық құралдармен жұмыс жасауға көп көңіл бөледі. Мысалы, Жеңіс күні қарсаңында ҚКХП 1945.kz цифрлық естеліктер кітабын іске қосты. Қазақстандықтар бұл жобаны жақсы қабылдап, жоғары баға берді.
Қазақстандағы алғашқы цифрлық партия жобасынан басқа, ҚКХП жыл соңына дейін барлық қазақстандықтар үшін білім беру және әлеуметтік мәселелерді шешу саласында бірнеше ірі жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.