Цифрландырудан бюджетке 410 млрд теңге түсті

6 Қазан 2026, 11:11
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 6 Қазан 2026, 11:11
6 Қазан 2026, 11:11
111
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстанда мемлекеттік қаржыны бірыңғай цифрлық жүйеге көшіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Цифрландыру нәтижесінде бюджетке 410 млрд теңге қосымша түсім түскен. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, негізгі мақсат – жекелеген бағыттарды автоматтандырумен ғана шектелмей, мемлекеттік қаржыны басқарудың бірыңғай жүйесін қалыптастыру.

Бұл жүйеде әрбір шешім нақты мәліметтерге негізделеді. Жоспарлаудан бастап нақты пайдалануға дейінгі әрбір теңге ашық әрі бақылауда болады, – деді Мәди Такиев.

Оның айтуынша, «Digital Qazaqstan» стратегиясы аясында бұл тәсіл 2029 жылға дейін мемлекет, бизнес және азаматтар үшін негізгі бағыттардың барлығына енгізіледі.

Трансформацияның негізгі бағыттарының бірі – Мемлекеттік кірістер комитетін фискалдық деректер фабрикасына айналдыру.

Бүгінде салық жүйесі ауқымды көлемдегі деректермен жұмыс істеп отыр. Атап айтқанда:

  • 3,9 млрд операция жүргізілді;
  • 1,8 млрд шот-фактура рәсімделді;
  • 17,7 млрд құжат тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы өңделді.

Сонымен қатар Smart Data Finance жүйесі арқылы 99 мың хабарлама жолданып, 2,9 млн транзиттік декларация тіркелген.

Мәди Такиев цифрландырудың нақты қаржылық нәтиже беріп отырғанын атап өтті.

Цифрландыру есебінен қосымша түсімдер 410 млрд теңгені құрады. Яғни ақпараттық мәліметтер тек бақылау құралы емес, сонымен қатар бюджеттің қосымша кіріс көзіне айналып келеді, – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін цифрландырудан бюджетке 410 млрд теңге түскені хабарланды.

Тағы оқи отырыңыз:

Фермерлер үшін жаңа цифрлық жүйе құрылады: Агросалада не өзгереді?

ЖИ автокөлік өндірісіндегі ақаулар санын 39%-ға азайтты – Нағаспаев

Наверх